Жапония билігі Токио Олимпиадасындағы көрермендер қауіпсіздігін күшейтеді

Жапония билігі Токио Олимпиадасындағы көрермендер қауіпсіздігін күшейтеді

<span>Жапония билігі коронавирус індетінің таралуына байланысты Олимпиада кезінде көрермендердің қауіпсіздігін күшейтеді. </span>

<span>Сондай-ақ, киберқауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінеді.  Бұл туралы Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга мәлімдеді.  </span>

<span>«Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында адамзаттың коронавирус індетін жеңгеніне куә боламыз. Сондай-ақ, бұл ойындар бар әлемге Шығыс Жапониядағы ұлы жер сілкісінен зардап шеккен аймақтардың қайта бой көтергенін паш етеді», - дейді премьер-министр. </span>

<span> Сондай-ақ, Суга жарысқа қатысушылар мен көрермендердің вирус жұқтыру қаупін азайту үшін қатаң шаралар дайындалып жатқанын айтты. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или