Асқар Орманов: Бадминтоннан Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын бастайды

Асқар Орманов: Бадминтоннан Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын бастайды

<span>Бадминтоннан Қазақстан командасының бас бапкері Асқар Орманов спортшылардың карантиннен кейінгі жиыны қайда өтетінін айтты.  </span>

<span>"Карантин шаралары жеңілдетілгелі бері бадминтоннан Қазақстан командасы жаттығу жиынын өткізген жоқ. Біздің көптен күткен жиынымыз 31 қазан мен 18 қараша аралығында, Шымкент қаласының маңындағы "Алма-Тау" спорт базасында өтеді. </span>

<span>Еліміздегі үздік спортшылардың барлығына шақырту жібердік. Өйткені, команданың бірлесіп оқу-жаттығу жиындарын өткізбегеніне біраз уақыт болды. </span>

<span>Ал база бізге ұнады. Бұл Ұлттық Олимпиадалық комитет арнайы аккредитациядан өткізген санаулы базалардың бірі", - дейді бас бапкер. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или