Глущенко: Спортшылардың әрқайсысына жекелеген жаттығу жоспарын дайындаймыз
Жуырда астанамызға келген триатлоннан ұлттық құрама команда мүшелерінің бір апталық карантині аяқталды. Команда оқу-жаттығу жиыны аясындағы қарқынды жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті.
Бұл туралы Қазақстан триатлон федерациясы мәлімдеді. ⠀
Бапкерлер хабарлағандай, алдағы бір апта спортшылар үшін бейімделу аптасы болмақ. Себебі, бұл ұзаққа созылған пандемиядан бергі бірінші орталықтандырылған оқу-жаттығу жиыны болып отыр. Күнделікті спортшылар бапкерлер штабы тапсырған тапсырмаларды орындап, сенбі күні бақылаудан өтетін болады. ⠀
«Осы аптадағы басты мақсатымыз — бейімделу. Спортшылар аэробты жүзу және қосалқы жүгіру жаттығуларын көп орындайды. Апта соңында уақытқа 300 м қашықтық жүздіріп, шамаларын бақылаймыз. Бапкерлер барлық процессті видеоға түсіреді.
Бұл жазбалар әр спортшының ахуалын әрі жүзу техникасын бағалау үшін қажет. Әрі қарай спортшылар не істеу керектігін анықтап, әрқайсысына жекелеген жаттығу жоспарын дайындаймыз. Бұл жоспарлардың мәні — техникалық көрсеткіштерін жақсарту», — деп пікір білдірді ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Глущенко.