Немич: Олимпиадаға дайындаған бағдарламаны келесі жылы көрсетеміз

Немич: Олимпиадаға дайындаған бағдарламаны келесі жылы көрсетеміз

<span>Әртістік жүзуден Қазақстан командасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Дуэт бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Александра және Екатерина Немичтер де команда қатарында.  </span>

<span>«Қазіргі таңда жиын біздің ойымыздағыдай өтіп жатыр. Қалыпты жаттығуға оралып, спорттық бабымызға ену үшін бар жағдайды жасап жатырмыз. Біртіндеп бабымызға енеміз деген ойдамыз. </span>

<span>Халықаралық жарыстар туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Әлемдегі жағдай бір арнаға түскенше турнирлер де өтпейтін шығар. Мәселен, әртістік жүзуден жарыстардың басым бөлігі Еуропада өтеді. Ал қарт құрлықтың есігі індетке байланысты құлыптаулы тұр. </span>

<span>Біз Токиодағы Олимпиада ойындарына арнап бағдарламамызды өзгерткен едік. Сол күйі жанкүйерге көрсеткен жоқпыз. Келесі жылы жаңа бағдарламамен жарысқа қатысамыз деген үмітіміз бар», - дейді Екатерина Немич.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или