«Астана» президенттік клубының қарамағындағы командалардың жағдайы не болады

«Астана» президенттік клубының қарамағындағы командалардың жағдайы не болады

Бүгін «Астана» президенттік кәсіби клубының таратылғаны белгілі болды. Оның құрамындағы спорт клубтарының жағдайы не болатыны жайлы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов айтты.

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Астана» Президенттік спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады. Клубтарға қатысты барлық құқықтар мен міндеттер Samruk-Kazyna Trust-ке беріледі. Енді ол спорт клубтарының негізін қалаушы болады. Бұл шешім көп деңгейлі есептілікті болдырмау, сондай-ақ әкімшілік және басқарушылық құрамды ұстауға қосымша шығындарды болдырмау мақсатында қабылданды, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» ППСК құрамына аттас футбол және баскетбол клубтары, «Astana Pro Team» велокомандасы және «Барыс» хоккей клубы кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или