Гран-при мен Grand Slam финалдары кейінге қалды
<span>Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті 2020 жылғы Гран-при кезеңінің финалдық бәсекелерінің кейінге шегерілетінін мәлімдеді. </span>
<span>Қатсушылардың қауіпсіздігін сақтау және де спортшылар үшін жарысты әділ өткізу мақсатында атқарушы комитет Канкун және Усидегі әлемдік додаларды кейінге қалдырған. </span>
<span>Атап айтқанда, 2020 жылғы Гран-при додасының Канкундегі (Мексика) финалдық бәсекесі мен Усиде (Қытай) жоспарланған Grand Slam жарысы 2021 жылға қалдырылды. </span>
<span>Атқарушы комитет қазіргі таңда екі елдің ұйымдастыру комитетімен тығыз қарым-қатынаста және осы екі жарыстың жоғары дәрежеде әрі қаупсіз өткізілуін өзара талқылап жатыр. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или