Андрей Глущенко: Талантты жас спортшылардың қатары көбеюде

Андрей Глущенко: Талантты жас спортшылардың қатары көбеюде

3 қазан күні триатлоннан Қазақстан құрамасы жаттығу жиындарын бастады. Бас бапкер Андрей Глущенко Olympic.kz сайтына жаттығу жиынының қалай өтіп жатқанын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті. 

<span> "Қуанышқа орай, Нұр-Сұлтанда  3 қазаннан бастап оқу-жаттығу жиынымызды бастадық. Триатлоннан 6-7 қыркүйек күндері әлем чемпионаты өтті. Жарысқа қатысуға команда тізімін тапсырғанымызбен карантин және виза болмағандықтан оған қатыса алмадық. Атап айтқанда, эстафета бойынша команданы, жекелей жарысқа Аян Бейсенбаевты қатыстыруды жоспарлағанбыз.  </span>

<span>Қазіргі таңда құрамамен жеңіл атлетика бағыты бойынша жақсы жұмыс істедік. </span><span>Бүгінде Арина Шульгинадан басқалары 2,3, 5 км қашықтық бойынша жеке рекордтарын жаңартты.  </span>

<span>Александр Тен, Егор Крупяков сынды талантты жас спортшылардың қатары көбейіп, болашағынан үміт күттіруде. Олар қазірде көрсеткіші бойынша команданың негізгі құрамының нәтижесіне жетіп қалды", дейді бас бапкер. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или