Спорттық гимнастика: Милад Карими әлем кубогында екі күміс медаль еншіледі
Бүгін, 4 қазан күні, спорттық гимнастикадан Венгриядағы әлем кубогының финалдық кезеңі өтті. Ақтық сын қорытындысы бойынша Қазақстан командасы тағы екі жүлдеге қол жеткізді.
Команда мүшесі Милад Карими төрт жаттығу бойынша финалға шығып, екеуінде жүлдеге ілікті.
Атап айтар болсақ, Карими қоссырықтағы және кермедегі жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынға табан тіреді.
Ол бір күн бұрын өткен еркін жаттығуда жетінші, қол тіреп секіруден алтыншы нәтиже көрсеткен болатын.
Айта кетелік, бұған дейін Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында алтын алса, Ілияс Азизов еркін жаттығуда күміске қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или