Семсерлесуден 2021 жылға арналған жаңа күнтізбе бекітілді
<span>Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа маусымды бастайды. Бұл туралы ұйымның онлайн отырысында белгілі болды. </span>
<span>Ересектер арасындағы турнирлер 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап 21 мамырына дейін жалғасады. Осы аралықта ерлер мен әйелдер арасында шпага және саблядан 4 әлем кубогы кезеңі өткізіледі. </span>
<span>Сондай-ақ, рапирамен семсерлесуден әлем кубогының үш кезеңі жоспарланған. Аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирлері 15-19 сәуірде, аймақтық чемпионаттар 2021 жылдың 1-15 маусымы аралығында ұйымдастырылады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или