ММА

Жалғас Жұмағұлов ресейлік Тагир Уланбековке қарсы жекпе-жек өткізу туралы сыбысқа жауап берді

Жалғас Жұмағұлов ресейлік Тагир Уланбековке қарсы жекпе-жек өткізу туралы сыбысқа жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде Тагир Уланбековпен кездесуі мүмкін екені жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

– Тагир Уланбековпен жұдырықтасу жайында ұсыныс болған жоқ. Бұл жай ғана жанкүйерлердің қалауынан шыққан әңгіме секілді. Тагир UFC-мен келісімшартқа отырған жоқ, – деді Жалғас Жұмағұлов «Вестник ММА» YouTube-арнасына берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Жұмағұлов Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 251 турниріндегі дебютті жекпе-жегінде төрешілердің өте даулы шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліс тапты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер