Дидар Әмірәлі: Жарыс пен жаттығу жиынының жоқтығы қатты әсер етті

Дидар Әмірәлі: Жарыс пен жаттығу жиынының жоқтығы қатты әсер етті

1 қазан күні каратэден Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Жасталап Санауов шәкірттері шілде айында жарияланған карантин жеңілдетілгелі бері алғаш рет бас қоспақ. Осы орайда, команда мүшесі Дидар Әмірәлі Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді. 

<span>– Карантинге байланысты бірнеше ай бойы жаттығу да, жарыс та өткен жоқ. Екі апта сайын әлемнің әр түкпірінде татамиге шығатын біз үшін бұл шынында үлкен соққы болды.</span>

<span>Дегенмен, жалғыз біздің ғана емес, барша әлемнің басындағы жағдай болған соң, көнбеске амал жоқ. Үзіліс кезінде жаттығуды тоқтатпадым. Үйде дайындалдым. Бапкерлер де онлайн түрде бағыт-бағдар беріп отырды. Бірақ мұның бәрі оқу-жаттығу жиындарында алған білімге жетпейді. Қанша жерден жаттықсам да, дәл қазір бабымның нашар екені рас.</span>

<span>Індетке байланысты әлемдегі ахуал дұрысталса, жарыстар тізбегі жалғасады деп ойлаймын. Мен олимпиадалық салмақта сынға түскен соң, Токио ойындарына жолдам алсам деген ниетім бар. Әзірге, әлемдік рейтингте алтыншы орында келе жатырмын, - дейді Дидар. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или