Ильфат Абдуллин: Жиынның алғашқы аптасында ағзаға айтарлықтай күш түсті
Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин ұзақ үзілістен соң басталған оқу-жаттығу жиындарының қалай өтіп жатқанын баяндады.
<span> «Ұзақ үзілістен кейінгі жаттығу жиынының алғашқы апталары шын мәнінде түсініксіз өтті. Өйткені, ағза дұрыс қабылдамай, күресумен болды. Сондықтан, жоспар мен режимді дұрыс қолдану керектігін түсіндім. </span>
<span>Қанша дегенмен, үй жағдайындағы дайындықтың толыққанды жаттығуға жетпейтіні анық. Бұл физикалық тұрғыдан қатты сезілді. Сол себепті, бар күшімді жалпы физикалық дайындыққа жұмсадым.</span>
<span>Қазіргі кезде қалыпқа келіп қалдық деуге негіз бар. Жиын соңына қарай нағыз спорттық бабымызға енетініміз анық», - дейді Ильфат. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или