«PROСПОРТ Қазақстан» басылымына - 20 жыл!

«PROСПОРТ Қазақстан» басылымына - 20 жыл!

2000 жылы 20 қыркүйекте «PROСПОРТ Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді!

Арада 20 жыл өткеннен кейін ол он мыңдаған қазақстандық оқырманның сүйікті басылымына айналды. Ал сайтқа ай сайын кіретіндер саны қазірдің өзінде 300000-ға жуықтады.

PROСПОРТ әрдайым спорттық іс-шаралар туралы қызықты репортаждарымен, шын жүректен шыққан сұхбаттарымен танымал болды.

Біздің редакция - таланттардың нағыз ұстаханасы. Біздің түлектер спорт журналистикасында ғана емес, жалпы қазақстандық журналистикада маңызды рөл атқарады. «PROСПОРТ Қазақстан» көпшілік үшін нағыз өмір мектебіне айналды.

Prosports.kz-ті бұдан да үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз. Мерейтой құтты болсын, қымбатты газет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или