Льюис Хэмилтон Тоскана Гран-приінде топ жарды
Италияның Скарперии-э-Сан-Пьеро қаласында Формула-1 тарихындағы бірінші Тоскана Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл сында «Мерседес» шабандозы Льюис Хэмилтон топ жарды.
Екінші орынды британиялықтың командаласы Валттери Боттас Боттас иеленді. Финн спортшысы 59 айналымды аяқтауға алты дүркін әлем чемпионынан 4,880 секунд көп уақыт жұмсады.
Үшінші орын «Ред Булл» командасының өкілі Александер Албонға бұйырды. Бұл 23 жастағы таиландтық спортшының мансабындағы ең жақсы нәтижесі.
«Феррари» үшін 1000-жарыс соншалықты сәтті болмады: Шарль Леклер мәре сызығын сегізінші, ал Себастьян Феттель оныншы болып кесті.
Италия. Әлем чемпионаты. 9-кезең. Тоскана Гран-приі
1. Льюис Хэмилтон (Ұлыбритания, Mercedes)
2. Валттери Боттас (Финляндия, Mercedes) — 4,880
3. Александр Албон (Таиланд, Red Bull) — 8,064
4. Даниэл Риккьярдо (Австралия, Renault) — 10,417
5. Серхио Перес (Мексика, Racing Point) — 15,650
Жеке есеп: 1. Льюис Хэмилтон — 190. 2. Валттери Боттас — 135. 3. Макс Ферстаппен — 110. 4. Ландо Норрис — 65. 5. Александр Албон — 63.
Конструкторлар кубогы: 1. Mercedes — 325. 2. Red Bull — 173. 3. McLaren — 106. 4. Racing Point — 92. 5. Renault — 83.