Гимнасшыларымыз Мажарстандағы әлем кубогына дайындалып жатыр
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы тамыздың соңында жаттығу жиынын бастады. Жиынға 12 спортшы, 5 бапкер және дәрігер мен массажшы қатысып жатыр деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Команда бас бапкері Алексей Кимнің айтуынша, құрама мүшелеріне бірнеше талап қойылған. Атап айтар болсақ, гимнастар карантиннен кейін снарядтарда элементтерді орындау техниксын және еркін жаттығуды жетілдіріп жатыр. Сондай-ақ, Милад Карими, Ілияс Азизов және Нариман Курбанов Венгриядағы әлем кубогы кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл спортшылар карантин кезінде үйде жаттығуды үзбегендіктен, оқу-жаттығу жиынына жақсы баппен келген. </span>
<span>Оқу-жаттығу жиынында барлық талап сақталған. Команда мүшелері жиын басталар алдында ПТР-тесттен өтті. Жиын соңында екі бақылау өткізу жоспарланып отыр. </span><br /><br />