Елорданың аула клубтарында 2,5 мыңнан астам бала спортпен шұғылданып жүр
Сабақтар ашық ауада, санитария талаптарын сақтай отырып өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өз Жолдауында жас ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне мейлінше назар аудару қажет екенін атап өтті.
«Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру қажет. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секциялары ашылуы керек», - деді Мемлекет басшысы.
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының аула клубтарында балалардың қызығушылығын тудыратын жаңа спорт секциялары ашылуда.
«Спорт алаңдарында 20-ға жуық үйірме жұмыс істейді. Жекпе-жек түрлері, еркін күрес, каратэ, жауынгерлік самбо, әскери қоян-қолтық ұрыс, дзюдо секцияларына басымдық берілген. Аралас жекпе-жек ММА секциясын да ашуды жоспарлап отырмыз», - деді «Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин.
Сонымен қатар оқушыларға арналған аула клубтарында ашық ауада дене шынықтыру жаттығулары өткізіледі. Бұл сабақтар әсіресе пандемия кезінде сұранысқа ие болды. Аулаларда воркаут-алаңдардың ашылуымен бұл бағытты одан әрі дамыту жоспарлануда.
«Біз стрит-воркаутты аула клубтарына енгізумен ғана шектеліп қалмаймыз. Пандемия көрсеткендей, ашық ауадағы аула алаңдарын пайдалану қажет. Жалпы, бізде көптеген спорттық шаралар көшеде өткізілуде», - деді «Астана жастары» КММ басшысы.
Балаларға арналған би үйірмелері де бар. Заманауи би топтары құрылуда. Барлық сабақтар кезінде санитарлық қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады.
«Бүгінде Нұр-Сұлтанда біз бақылайтын 21 аула клубы бар. Оларда 2500 оқушы спортпен айналысады. Бізде 133 түрлі саладағы жаттықтырушылар мен оқытушылар бар», - деді Шыңғыс Тілеулин.
«Астана жастары» хабарлағандай, биылдан бастап орталық аула клубтарын дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасын іске асыруда. Оның басты міндеті - жастарды қызықтыратын заманауи үйірмелер мен бағыттарды ашу. Егер қазіргі кезде аула клубтары тәрбиеленушілерінің дені 14 жасқа дейінгі балалар болса, болашақта орталық ересек балаларға арналған топтар құруға ниетті.