ISU шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңін өткізбейтін болды
Халықаралық конькимен жүгіру одағы онлайн жиын өткізіп, шорт-тректен әлем кубогының алғашқы екі кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылдады.
<span> Атап айтар болсақ, шорт-тректен Канадада өтетін әлем кубогының екі кезеңі өткізілмейді. Алғашқы жоспар бойынша, маусым басындағы алғашқы екі кезең Канаданың Монреаль қаласында 6-8 қарашада, Лаваль қаласында 13-15 қарашада өтуі тиіс болатын. </span>
<span>Әлем кубогының Оңтүстік Корея мен Қытайдағы екі кезеңіне байланысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ. </span>
<span> Халықаралық одақтың мұндай қадамға баруына COVID-19 індеті қаупінің әлі сейілмеуі себеп болып отыр. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или