Ольга Довгун: Мергендер ел чемпионатына дайындалады
<span>Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун мергендердің алдағы жаттығу жұмыстары қалай өтетінін баяндады. </span>
<span>«Жақын арада бірлескен жаттығу жиындары өткізілмейді. Спортшылар әдеттегідей үй жағдайындағы дайындықты жалғастырады. Көптеген аймақтарда жаттығу жұмысы басталып, команда мүшелері жарысқа дайындала бастады. Бізге оқу-жаттығу жиынын өткізуге рұқсат берген базаларда қарумен толыққанды жаттығу жасауға мүмкіндік жоқ. Сол себепті, спортшылар өздері тұратын аймақтағы тирлерді пайдалануда. </span>
<span>Қазан айының басында 2002 жылы туған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жоспарланған. Сондай-ақ, В. Почивалов атындағы халықаралық турнир де жарыс кестесінде бар. Ересектер арасындағы ел чемпионаты мен кубоктік дода қарашада өтеді деген ойдамыз», - дейді Ольга Довгун. </span>
<span> Айта кетелік, еліміздегі карантин талаптары жеңілдетілген соң, құрама командалар жаттығу жиындарына кірісе бастады. </span>