Шахматтан «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы» турнирі басталды
Бүгін lichess.org ойын алаңында «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың Кубогы» балалар шахмат онлайн-турнирі басталды.
Жарысты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Bolashaq» Қауымдастығы ұйымдастырaды.
«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов турнирдің қатысушыларына арнайы бейне хабарлама жазды.
«Біз отандық шахматты дамытуға үлес қосып, балаларымызға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектескенімізге қуаныштымыз. Пандемия кезеңінде онлайн-форматтар қазақстандық мектептің халықаралық аренадағы позициясын нығайтудың жалғыз қауіпсіз тәсілі болатыны анық. Дәрмен Сәдуақасов Кубогына қатысушылар біздің чемпиондарымыздың жеңісті дәстүрлерін жалғастырады деп үміттенеміз», - деп атап өтті холдинг басшысы.
Сондай-ақ, қазақстандық жас таланттарға отандық спорт жұлдыздары - бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ММА, каратэ және джиу-джитсудан төрт дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов, көркем гимнастикадан Азия және Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьева және халықаралық гроссмейстер, 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасов ақжарма тілектерін білдірді.
Бұдан басқа, шахматтан 14-ші әлем чемпионы Владимир Крамник (Ресей) және шахмат Әлем Кубогының жеңімпазы, әлем чемпионы атағына үміткер Борис Гельфанд (Израиль) қазақстандық дарындарға өздерінің бейне құттықтауларын жолдады.
Кубокқа қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан 900-ге жуық жас шахматшы өтінім берді.