Триатлоннан Қазақстан командасы әлем чемпионатына іріктеу өткізді

Триатлоннан Қазақстан командасы әлем чемпионатына іріктеу өткізді

Триатлоннан Қазақстан командасы карантин мерзімінде үй жағдайында жаттығуды тоқтатқан жоқ. Ұлттық құрама мүшелерінің қазіргі спорттық бабын анықтау мақсатында бапкерлер кішігірім бақылау жасаған болатын.

Шағын бәсекеге он атлет қатысты. Олар бас бапкер онлайн режимде өткен жаттығу нәтижелерін Garmin жүйесі арқылы бас бапкер Андрей Глущенкоға жіберіп отырды. Бұл жолы атлеттер жүгіру мен веложарыстан бақ сынады. Бірінші күні 3000 метрге жүгіріп, 15 шақырымды велоспортпен жүру тапсырылса, бір күннен соң 2000 метрге жүгіріп, велоспортпен 8 шақырым жүру міндеттелді.

Бапкерлер ұсынған кішігірім тапсырманы барлығы орындай алған жоқ. Тек Ануар Турубаев, Дарын Қонысбаев пен Александр Теннің ғана көрсеткіштері көңіл көншітеді. Әсіресе, жасөспірімдер қатарындағы Александр Теннен бапкерлер жақсы нәтиже күтпеген болатын. Оның көрсеткіштері ұлттық құрама мүшелерінің нәтижелерінен кем түспеген.

«Әлі мұндай бәскенің бірнешеуін өткіземіз. Атлеттер арнайы тапсырмаларды орындайды. Бір блок екі күнге созылады. Әрі қарай бапкерлермен ақылдаса отырып, құрама спортшыларының қазіргі жай-күйін сараптаймыз. Басты мақсат – Германияда өтетін аралас эстафетадан әлем чемпионатына команда жасақтау», - дейді бас бапкер Андрей Глущенко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или