Еділ Қожамбердиев титулдық жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) 24 тамыз күні Алматыда өтетін бокс кешінде титулдық жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
BoxRec мәліметінше, Tukeshov Boxing Promotions ұйымдастыратын кеште Еділ Қожамбердиев Өзбекстан өкілі Мухитдин Раджапбаев (12-7-1, 8 КО) қарсы жұдырықтасады. Бәске бірінші ауыр салмақта WBC/WBA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы белбеуі тігіледі.
Аталмыш бокс кеші 25 наурыз күні өтуі қажет болатын. Алайда коронавирус пандемиясының кесірінен кейінге шегерілді.
Айта кетейік, аталған бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы жекпе-жекте Еділ Қожамбердиев 12 қазанда Алматыда өткен бокс кешінде үшінші раундта Әзірбайжан өкілі Казим Умудовты (3-2, 1 КО) нокаутқа жіберді.