Жігіттер шамаң келсе маған ұқса!-Әбдуәли Тастанов

Жігіттер шамаң келсе маған ұқса!-Әбдуәли Тастанов

Армрестлингтен ардагерлер арасында 9 мәрте Азия чемпионы Әбдуәли Тастанов Қазақстан біріншілігіне дайындалып жатыр. Білікті маман шәкірттерінің жаттығуын да бақылап, білгенін үйреуден жалыққан емес, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Наурыздан бері індетті тежеуге байланысты елімізде болған шектеу шаралары Әбдуәли Тастановқа кедергісін тигізген жоқ. Ол карантин ережелерін сақтай отырып, дайындалумен болды. Басты  мақсат-спорттық бапты жоғалтпау, дейді білікті маман. Оның ендігі жоспары қыркүйек айында жалауы желбірейтін Қазақстан біріншілігінде топ жару. Артынша, Азия чемпионатына қатысып,  10-шы мәрте құрлық жеңімпазы атану.

<picture><source type="image/webp" alt="Әбдуәли Тастанов " srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_04e0a8bebdc10f4bd46b5c9dfe521da8.webp" />Әбдуәли Тастанов</picture>

Әбдуәли Тастанов

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:  

«Арнайы жаттығу жасаймын. Жаттығуым таңертең жалпы дене дайындығымен басталады. Осылайша, түнгі 11-ге дейін жалғасады. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Бірақ, жеткен жетістікпен тоқтап қалмай әлі де қосу керек. »

Әбдуәли Тастанов жаз бойы карантинде бекер жатқан жоқ. Негізінен үйінің ауласында дайындалды. Турниркке тартылып, кір тасын көтерді.Қол күрес тақтасында білек күшін арттыруға арналған жаттығуларды біренше рет қайталап,шеберлігін шыңдады. Арасында тау жолдарымен жүгіріп, ет қыздырды. Тіпті   1 тәулікте 120 шақырым жолды жаяу  жүріп өткен. Таңғы сағат 4-те Балпықби ауылынан Шаған тауына қарай сапарға шыққан. Сағатына  5 шақырым жол жүріп, кеш түсе,    діттеген жеріне жетіпті. Уақыт оздырмай қайтадан кері қайтқан. Мұндағы мақсат - өзімді сынау болды, дейді 

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_9568c15e082649c5dd4c509825c6b290.webp" /></picture>

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: 

 «Бала кезімде өзім туып өскен  <span>«</span>Текше» деген жайлауға жаяу шығу жұрынан бергі арманым еді. Соның үстінде телемұнара тұр. Шағантаудың төбесінде орналасқан. қазақсатндағы ең биік теле мұнара болып саналады. Теңіз деңгейінен 2,5 мың метр соған жаяу шықтым. Алға қоймаған мақсаттарымның бірі өсіп келе жатқан жас өспірім балаларға спорт денсаулық кепілі екендігін дәлелдегім келді. Спорт жас талғамайтындығын көрсетпек болдым.Соларға кішкене үлгі өнеге бала білдім деп ойлаймын.»

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content/әбд тауда.jpeg" /></picture>

Қол күресші індет сейіліп, карантин алынса биыл қырқүйек айының 19-20 күндірі аралығында Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатында алтын медаль үшін барымды саламын, дейді. Қарсыластарында түгел біледі. Сонымен қатар олардың мықты әрі осал тұстарын әбден зеттеп біліп алған.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_956ca0db9237b8dcaefee02fadffe4ca.webp" /></picture>

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: 

«Мен 75 келі салмақта 60-тан жоғары жастағы спортшылар арасында өнер көрсетем. Қазақстан біріншілігінде басты қарсыластарым Өскемен, Семей, Алматы және Шымкент қаласының армрестлингшілері.  Олармен бұрын кездесіп жеңгенмін. Мен бұл салмақта №1-ші спортшы болғандықтан қарсыластарымен маған қарсы дайындалады. Бабымды жоғалтпауым керек.»  

 

 Әбдуәли Тастанов ел біріншілігінде топ жарып жатса, бірден ел құрамасына алынып, қазан айында Азия чемпионатында күш қарымын сынамақ. Құрлықтық дода  да Алматыда өтеді.  Онда асығым алшысынан түссе, Грузияның Батуми қаласында ұйымдастырылатын жаһандық жарыста ел намысын қорғау жоспарымда бар, дейді ардагер спортшы. Айта кетейік, Әбдуәли Тастанов азия чемпионатында оң және сол жақ қолмен күресте 18 алтын медальға ие болды. Мәскеудегі үздік армрестлигшілер арапсында жылы болатын <span>«</span>Алтын қоян» халықарлық турнирінің  6 мәрте жеңімпазы.    

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content/әб.webp" /></picture>
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_e50dfa24fb5c5a449184ec74de2344fe.webp" /></picture>

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: 

«Жаяу Мұсаның  айқтаны бар: жігіттер шамаң келсе маған ұқса, деген.  Осы жастарқа спортты серік етіп, саламатты өмір салтын ұстанып, жақсы өмір сүрсе екен деймін.»

Әбдуәли Тастанов Алматы облысы Көксу ауданында аға жаттықтырушы болып, шәкірт тәрбиелейді. Олармен онлайн режимінде дайындық өткізеді екен. Басты мақсат жастарды мейлінше спортқа тартып, саламатты ұрпақ өсіру. 

Аяулым Данярқызы армрестлингпен 1 жылдан бері айналысып келеді. Осы уақытта ол жасөспірімдер арасында Алматы облысының жеңімпазы атанып үлгерді.  Енді қыркүйекте Алматы облысындағы Талғар қаласында өтетін өңірлік іріктеу жарысында бағын сынамақ. Байрақты дода алдында білікті бапкері  Әбдуәли Тастановтан тәлім алып, тәжірибесін арттырып жатыр

АЯУЛЫМ ДАНИЯРҚЫЗЫ, АРМРЕСТЛИНГТЕН АЛМАТЫ ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ:

«Мен қазір өте көп жаттығулар жасаймын. Денені жерден көтеру, планг, кермеге тартыламын.  Әбдуәли ағаймнан көптеген жаттығу түрлерін үйрендім. Қазір сол бойынша білек күшімді шынықтырып жатырмын. Облыстық жарысты ұтып, Қазақстанда жүлдегер болу жоспарымда бар.»

Әбдуәли Тастанов ардагер спортышыларды да жаттықтыра бастады.  Соның бірі Нүсіп Медеуов. Ол алдымен тамыз айының аяғында өттетін Алматы облысының біріншілігінде 90кг. салмақта өнер көрсетпек.

НҮСІП МЕДЕУОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӨКСУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Мен негізі кір спортына жақынмын. Ардагерлер арасында әлем чемпионы атанған маркұм Әмірбай Рысқұловтың шәкіртімін. Қазір армрестлингтен бағымды сынайын деп, Әбдуәли Тастановтан қол күрестің қыр-сырын үйреніп жатырмын. Облыста іріктеуден өтемін деп ойлаймын.»

Әбдуәли Тастанов биыл 62 жаста. Ол осы уақытқа дейін Қазақстан мен Азия чемпионаты және халықаралық турнирлерден 60-тан аса медаль жеңіп алды. Оның 50-ге жуығы алтын. Оның қоржынында тек әлем біріншілігінің жүлдесі жетіспейді. Осы олқылықтың орынын келер жылы Грузияда өтетін жаһандық жарыста толтыру жоспарында бар     

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или