Қазақстандық дойбышы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
Батысқазақстандық дойбышы Әнел Дәулетова халықаралық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық дойбы федерациясы (IDF) мәлім еткеніндей, 2020 жылғы интеллектуалдық спорт олимпиадасы (MSO) аясында биыл Gambler тұғырнамасында дойбы-64-тен онлайн жарыстар өткізілді.
Олимпиада аясында дойбы-64-тен төрт онлайн турнир ұйымдастырылды.
Жастар арасындағы жарысқа 174 спортшы қатысып, 11, 14 және 17 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында қазақстандық Әнел Дәулетова үздік шықса, Беларусь елінің өкілі Виктория Николаева екінші, ресейлік Алена Большакова үшінші орынға ие болды.
Оған қоса ұлдар мен қыздар арасында жалпы есепте БҚО-ның дойбыдан аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Жұмагелдиевтің шәкірттері екінші орынға көтерілді.
Бұл Әнелдің бірінші табысы емес. Ол бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.