Алматы облысында суға жүзу спорты дамып келеді

Алматы облысында суға жүзу спорты дамып келеді

Алматы облысында суға жүзу спорты 2004 жылдан бері дамып келеді. Осы уақыт ішінде 6 спорт шебері мен бұл атаққа 7 үміткер дайындалып шықты.  Өңірдегі суға жүзумен тұрақты түрде   айналысатындардың дені Талдықорған қаласының тұрғындары болып есептеледі. 2020 жылдың қаңтар, ақпан айында Жетісулық спортшылар Қостанай мен Теміртауда өткен республикалық турнирге қатысып, жүлделі оралды, деп хабарлайды Prosport.kz тілшісі.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_d774cb7e215034109af236f4325dc58e.webp" /></picture>

Дәурен Ысқақов суда жүзуден Алматы облысының құрама командасын жаттықтырады. Ол көп жылдан бері шәкірт тәрбиелеп, бапкер болды. Талай талантты жасты тауып,  томағасын сыпырды. Айта кетсек, білікті маман Мария Федотова, Никита Федотов, Виктор Ли сынды Қазақстан чемпиондарын дайындап шығарды. 16 жыл ішінде Қазақстан бойынша жеткен жетістігіміз мақтауға тұрарлық, дейді. Биыл көктемде «Короновирус»пандемиясына қарсы  елімізде орын алған Карантин шаралары суға жүзушілердің дайындығына айтарлықтай кедергісін келтіргені анық. Негізгі жаттығу базасы болып саналатын "Өркен" спорт кешеніндегі бассейн адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша жабылған еді.

 

<picture><source type="image/webp" alt="Дәурен Ысқақов" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_8da01c005c46b1a954e35ba48be04fbc.webp" />Дәурен Ысқақов</picture>

Дәурен Ысқақов

ДӘУРЕН ЫСҚАҚОВ, СУҒА ЖҮЗУДЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Балалар наурыздан бері, 5 ай ішінде 2 апта ғана суда жаттықты. Бұл суға жүзу спортымен тұрақты айналысатын адам үшін өте аз. Өйткені, олар 2 күн суға малтымаса, денесінің су сезу қабылеті жоғалады. Сондықтан көп уақытқа созылған демалыс суға жүзушілерге кері әсерін тигізеді. Әйтсе де, біз қарап отыра бермедік.   Карантин басталғалы бері, далада жаттығып, онлайн сабақтарын жүргізіп отырдық. Спорттық формасын жоғалтып алмас үшін шәкірттеріміз жалпы дене дайындықтарын жасап, жаттығуларын үзбеді. Мұнда шыдамдылықты шыңдайтын жаттығуларды пайдаланамыз. Мәселен,  ұзаққа жүгіреміз, велосипед тебеміз. Өйткені, суға жүзу спорты циклды спорт болғандықтан біз осылайша балаларды төзімділікке дайындаймыз.»

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_81fca967256abf0188444d1e04cf7dc6.webp" /></picture>

Қазір Талдықорғанда су бассейінің құрылысы жүріп жатыр. 2 қабатты зәулім ғимаратта халықаралық стандартқа сай 2 бассейн болады. Бірінің ені 25, ұзындығы 50 метр. Екіншісі суға секіру спортына арналған. Бұл дегеніміз атлет  5 пен 10 метр биіктіктен қарғып, жарысқа түсе алады. Ал, 3-ші бассейн әуесқойлар мен балалардың жаттығуына берілмек. Жоғарғы қабатта 7 спорт зал ашылады. Жалпы айтқанда бұл су нысанында әлем чемпионатын өткізуге толық мүмкіндік болады. Зәулім ғимараттың ашылуы  қазан айына жоспарланған. Ол күнді жергілікті су спортының бапкері асыға күтіп жүр.

<picture><source type="image/webp" alt=" " srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_8b3ae4b1bfdf88f1bce7396169b74a15.webp" /></picture>

 

ДӘУРЕН ЫСҚАҚОВ, СУҒА ЖҮЗУДЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 «Қазақстанда спортшыларымыз жекелей сында жақсы нәтижелер көрсетеді. Ал, командалық жарыста өкінішке орай жүлделі орынға үміттене алмаймыз. Өйткені, бізде ұжымдық жарысқа түсу ақсап тұр. Сонымен қатар, бассен мәселесі де бар. Мысалы, "Өркен" спорт кешеніндегі бассейінге оқушыларыммен  бір уақытта кірген кезде  сыймай қалып жатамыз. Талдықорғанда Олиимпиадалық деңгейдегі бассейін салынып жатыр. Жыл аяғына дейін берілетін болса, бұл мәселеміз түбегейлі шешілетініне толық сенем. Сондықтан әлемдік стандартқа сай бассейннің алышуын барлығымыз күтіп жүрміз.»

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_77f6901d8d95fda8055a5e372020268d.webp" /></picture>

Болашағын суға жүзу спортымен байланыстырған жастардың бірі Аяжан Айнабекова. 11 жасында су спортына келген ол, 3 жыл ішінде ашық суға жүзуден спорт шеберіне үміткер атанды. Жабық кешенде еркін жүзу әдісі бойынша Қазақстан жеңімпазы болды. Қазір далада аптасына 4 рет командалстарымен бірге дайындалады. Дайындықтан қандай жағдай болмасын қалмауға тырысады.

<picture><source type="image/webp" alt="Аяжан Айнабекова" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_8650e32f58f22e0da9e3ff70f415ab3d.webp" />Аяжан Айнабекова</picture>

Аяжан Айнабекова

АЯЖАН АЙНАБЕКОВА, АШЫҚ СУДА ЖҮЗУДЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР: 

«Биылғы жыл мен үшін сәтті басталды. Бір қатар республикалық турнирлерде жеңімпаз әрі жүлдегері болдым.Алайда, карантин болып, жоспарлаған жарыстарымыздың барлығы кейінге шегерілді. Бірақ оған қарамастан үнемі дайындалумен болдық. Басты мақсатым-болашақта осы спорт түрі бойынша әлем чемпионы атану.»

Аяжан Айнабекова-Азия және әлем бірншілігінде жүлдегер атанбайынша үлкен спорттан кетпеймін, деп алдына мақсат қойыпты. Намысшыл, қайсар қазақ қызы-Туған елімнің туын әлемдік аренада желбіретсем арманым жоқ, дейді.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_9ce2c38d40107c89446c729b66aec6ed.webp" /></picture>

 АЯЖАН АЙНАБЕКОВА, АШЫҚ СУДА ЖҮЗУДЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР: 

«Ең бірінші мақсатым - Олимпиада жүлдегері болу. Одан соң бапкерлікке ауысып,Қазақстан атын шығаратын шәкірт дайындау. Сонымен қатар суда жүзу спортының мықты мамандарын тәрбиелеп шығарсам деймін. Ол менің қолымнан келеді. »

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_da2390f81c2a9b7296f4a473a7c9114a.webp" /></picture>

Алматы облысының жасөспірімдер құрама командасы келер жылдың басында Ақтөбе қаласында жалауын желбірететін Қазақстан чемпионтына қатысуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты дайындық тыңғылықты жүріп жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или