Алматы облысында автоспортпен әуестенушілер көбейді
Қазақстанда автомотоспорт федерациясы 1992 жылы құрылды. Соданбері жергілікті спортшылар халықаралық сайыстарға қатысып, ел намысын лайықты қорғап келеді. Бұл тізімде Алматы облысыныңөкілдері де тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, республикамыздағы автоспорттың дамуына өзіндік үлесқосты. Жетісулық автомотошабандоздар арасында әлем чемпиондары мен Азия біріншілігініңжүлдегерлері бар. Олардың дені Іле ауданында орналасқан «Мобилекс» автодромында шеберлігін шыңдап шықты, деп жазады Prosport.kz тілшісі.
</picture>
</picture>«MobilEx» автодромы Комсомол ауылының жанында орналасқан. Аумағы - 52 гектар. Жарыс алаңы 24 мың шаршы метрді құрайды. 7 шақырымдық ралли тасжолы да бар. Бұл кешенде республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылады. Осы жерден 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен 5 Қазақстан чемпионы дайындалып шықты. Олардың барлығын Василий Тарабанько баптаған. Ол автоспорттың Ралли, Автобиатлон, Дрифт жарыс түрлері бойынша КСРО спорт шебері, каскадер де болды. Тарабенько соңғы 6 жылда жерлестеріміздің жеңіп алған мақтау қағаздары мен дипломдарын жеке жұмыс бөлмесінің қабырғасына іліп қойған. Ондағы мақсат - кейінгі келген жастардың қызығушылығын арттырып, өзіне деген сенімін ұялату.
</picture>ВАСИЛИЙ ТАРАБАНЬКО
ВАСИЛИЙ ТАРАБАНЬКО, АВТОМОТОСПОРТТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, КАСКАДЕР:
«Жетісулық спортшылар белгілі халықаралық автожарыс Дакар көпкүндігінде жүлдегер болды. Әлем кубогын иелендік. Бізде талантты жастар көп. Тек оларды тауып, тыңғылықты дайындаса, чемпиондар шығары анық».
</picture>Қазіргі күні «Мобилекс» автодромына 40-қа жуық адам тіркелген. Оларкарантин ережесін сақтай отырып, аптасына 2 рет осында келіп, дайындықтан өтеді. Барлығы да әуесқой спортшы. Бұл кешенде 12 жарыс көлігі бар. Ақауланса өзіміз жөндеп, кажетті бөлшетерді бірдем де осында ауысырамыз,- дейді халықаралық дәрежедегі каскадер. Сонымен қатар болашақта жастарды да осы спортқа баулып, қыр-сырын үйрету жоспарда бар екен.
</picture>
</picture>ВАСИЛИЙ ТАРАБАНЬКО АВТОМОТОСПОРТТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, КАСКАДЕР
«Балаларға арналған бағдарламаны дайындап қойдық. Оны биыл жүзеге асырсақпа деп отырмыз. Жасөспірімдердің авто көлікті дұрыс басқаруыға үйрету үшін тәжірибелі нұсқаушілерді бекітеміз. Біз алдымен қауіпсіздікке үлкен көңіл бөлеміз. Өйткені, Бұл өте жауапкершілікті талап ететін іс».
</picture>Ақпанның 23 күні «Мобиликс» автодромында әуесқойлар арасында ралли және автобиатлоннан Қазақстан кубогы үшін жарыс ұйымдастырылған болатын. Оған еліміздің әр аймағынан 20-ға жуық команда экипажы қатысты. Алматы облысының спортшылары бұл сында лайықты өнер көрсете білді.
</picture>ДЕНИС САПРОНОВ, АВТОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:
«Мен автоспорпен айналысып жүргеніме 1 жыл болды. Содан бері бірнеше турнирлерде жүлдегер атандым. Биылға жоспар Қазақстан чемпион атану. Оған барлық мүмкіндігіміз бар. Басты қарсыласымыз алматылық екі команда. Осы жолы карантин алынып, жарысқа рұқсат беріліп жаса, бәсекелестерімізді қапы қалдырамыз деген сенімдемін».
</picture>Автобиатлон жарысының бір ерекшелігі мұнда спортшы көлікті жақсы басқарып қана қоймай пневматикалық тапаншаны меңгеріп, нысананы дәл көздеуі тиіс. Сондықтан жаттығуға арнайы мақсаттағы әскери бөлімі ардагерлер қауымдастығының өкілерді де қатысып, қауіпсіздік шарасын тексереді екен.
</picture>Автоспортпен айналысу әрине тегін емес. Дегенмен мамандар бұл іске демеушілерді тартып, мейлінше қол жетімді етуге тырысамыз, дейді. Сонымен қатар тек Іле ауданымен шектелмей Жетісу өңірінің бірнеше аймағында өкілдік ашу жоспарда бар.