«Жетісулық спорттық гимнастардың болашағы зор»

«Жетісулық спорттық гимнастардың болашағы зор»

Талдықорғандық спорттық гимнастар далада дайындалып жатыр. Аптасына 5 рет  жаттығу өткізіп, шеберлігін шыңдауға көшкен. Карантин ережесін қатаң сақтайды.  Мұндағы мақсат - үнемі спорттық бабында болу, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Спорттық гимнастар бір жарым айдан бері «Ардагерлер саябағында» жаттығады. Спорттық құрал-жабдықтарын осында әкеліп, жалпы дене дайындығын өткізеді. Күш қарымын сынайды. Олар күз айларында Шымкент пен Алматы қаласында жоспарланған республикалық және халықаралық жарысқа қатысып, жүлдегер болуды мақсат етіп отыр 

<picture><source type="image/webp" alt="Сәбит Айтахов" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_9a8421dc5a2d9d3aa5b8da4399eb457a.webp" />Сәбит Айтахов</picture>

Сәбит Айтахов

СӘБИТ АЙТАХОВ, СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

<span>«</span>Қазір залда дайындалуға рухсат жоқ. Сондықтан далада жаттығу өткіземіз. Осыған байланысты ашық аспан астында дайындалып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып жатырмыз. Балаларға ұнады. Емін-еркін, таза ауа да жүріп, кермеге тартылып, жүгірген жасөспірімдердің тынысын ашары сөзсіз. Мен осылардың арнасынан болашақта Азия чемпионымен әлем біріншілігінің жүлдегері шығарына көзім толық жетеді.»

<picture><source type="image/webp" alt="Даладағы жаттығу" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_967a8b130707b86114de6c50794c07a3.webp" />Даладағы жаттығу</picture>

Даладағы жаттығу

Талдықорғандық гимнастар биыл көктемде Алматы қаласында өткен халықаралық жарысқа қатысып, олжалы оралды. Жетісулық спортшылардың қоржынында 1 алтын және 6 күміс медаль бар. Мамандар шәкірттерінің болашағына зор үмітпен қарайды. Спорттық гимнастикаға төселіп қалған өрендердің армандары да асқақ. 

<picture><source type="image/webp" alt="Мейіржан Нұртілеу" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_a4884928aba146109b3468d556320576.webp" />Мейіржан Нұртілеу</picture>

Мейіржан Нұртілеу

МЕЙІРЖАН НҰРТІЛЕУ, ГИМНАСТ:

<span>«</span>Спорттық гимнастикамен айналысқаныма 5 жылдан асты. 30-дан аса медалім бар. Ақпанда респубилкалық жарыста чемпион болдым. Маған спорттық гимнастиканың аттағы жаттығу, шаршы алаңда түрлі әдістерді орындап, шеңберде ойнаған ұнайды. Болашақта үлкен мақсат қойып отырмын. Ол - Олимпиада чемпионы болу.»

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_c56b297aeb7ec4cdf6852a78090f8bdf.webp" /></picture>

Талдықорғанда 30-ға жуық жасөспірім спорттық гимнастикамен айналысады. Олардың дені 5 пен 13 жаста. Одан ересектері спорттық шеберлігін жетілдіру үшін Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық мектеп-интернатында оқып жатыр.

СӘБИТ АЙТАХОВ, СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

<span>«</span>Өмірсерік Досжан деген шәкіртім қазір Алматыдағы респубилкалық спорт мектеп-интернатында оқиды. Еліміздің жасөспірімдер құрама командасында өнер көрсетеді. Жалпы Жетісу өңірінде таланттар бар. Тек, оларды іздеп тауып, шеберлігін шыңдасақ, ертең-ақ қазақтың мақтанышына айналар сақа спортшысы боларына шүбә келтірмеймін.» 

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202008/207088_115eb9de76282e3817b30c1dc9ee7df4.webp" /></picture>

Спортшылар қазір карантин ережесін сақтай отырып, дайындалып жатыр. Жерлесткеріміздің негізгі мақсаты спорттық бабын жоғалтпау 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или