Алматыда 22 жастағы жігіт стадионға көлікпен кіріп, адамдарды қуды

Алматыда 22 жастағы жігіт стадионға көлікпен кіріп, адамдарды қуды

Стадионға кірген жүргізуші 15 күнге қамалады және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

8 тамызда Алматыда «Спартак» стадионында адамдарды көлікпен қуған 1998 жылы туған жас жігіт мас күйінде көлік айдап кеткен.

Жүргізуші барлық кедергілерді, торды ашып өтіп, футбол алаңына қарай бет алды және адамдарды қуа бастады.

Куәгердің айтуынша, стадионда жүрген бес жасар бала жүргізушінің кінәсінен өлім құша жаздаған. Бақытқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ

Спорт алаңында жүргендер оқиғаға кінәліні жазаламақ болды, дегенмен жігіттің туыстары оған жол бермеді.

Полиция келген кезде жігіт ұсталды. Алматы қаласы ДП-нің хабарлауынша, 22 жастағы жас жігіт алкогольдік масаң күйде болған, бұл сот-медициналық сараптаманың нәтижелерімен расталды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін ол 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или