WADA спортшылар мен бапкерлерге арналған жаңа бағдарлама дайындады

WADA спортшылар мен бапкерлерге арналған жаңа бағдарлама дайындады

<span>Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) Токио Олимпиадасына дайындалып жатқан спортшылар мен бапкерлерге арнап электронды оқудың жаңа курсын дайындады.  </span>

<span>«2020 жылғы Токио Олимпиадасына арналған ADeL» атты жаңа курсты ВАДА мен Халықаралық Олимпиада комитеті және Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) бірлесе дайындаған.  </span>

<span>Бұл бағдарлама олимпиада қарсаңында спортшылардың допингке қатысты сауаттылығын арттыруға арналады.  Жаңа курсқа қатысқан спортшылар мен бапкерлер допингке қарсы ережелермен танысып, терапиялық мақсатта қолдануға арналған дәрі-дәрмектер тізімімен танысады.  </span>

<span>Айта кетелік, бұған дейін ВАДА мен ХОК медициналық қызметкерлерге арналған курс бастаған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или