Жақсылық Үшкемпіров - Қазақстан спорттының символы
Грек-рим күресінен жаттықтырушы, белгілі балуан, Олимпиада чемпионы Шамиль Сериковтің ұлы Тимур Серіков Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, Жақсылық Үшкемпіров туралы естеліктерін айтты.
- Жақсылық Әмірәлұлы және сіздің әкеңіз бір командада болды. Күрестен тәжірибе алмасуға мүмкіндік болды ма?
- Өкінішке орай, Жақсылық Әмірәлұлының жаттығу бағдарламаларын көре алмадым. Менде ондай мүмкіндік болған жоқ. Бірақ 2017 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің Дәулет Тұрлыхановпен бірге «Халык Аренада» мектепте оқитын жас спортшыларына шеберлік сабағын өткізгенін көрдім. Маған Жақсылық ағаның жас спортшылармен қарым-қатынасы ұнады. Ол балаларға өткізген жаттығуынан гөрі, ұлттық батыр ретінде қызықты болды.
Көп жастар ол кісіден үлгі алып спортпен айналысуға ынталары оянды. Жақсылық Әмірәліұлы қажырлы еңбегінің, шыдамдылығының және табандылығының арқасында спортта үлкен жетістікке жетті. Жақсылық Үшкемпіров - Қазақстан спорттының символы.
Айта кетейік, грек-рим күресінен 1980 жылы ХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы (Мәскеу, КСРО) Жақсылық Үшкемпіров 2 тамызда қайтыс болды. Бүгін спортшыны жерлеу рәсімі өтті.