Бүкіләлемдік серфинг ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Бүкіләлемдік серфинг ойындары 2021 жылға ауыстырылды

<span>Халықаралық серфинг федерациясы (ISA) биыл өтуі тиіс Бүкіләлемдік серфинг ойындарын 2021 жылға ауыстырды. Бұл турнир келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңі болып саналады.  </span>

<span>Сальвадордағы Эль-Сунсаль және Ла Боканада өткізілетін жарыс биылғы мамыр айында жоспарланған болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты халықаралық федерация турнирді кейінге шегерді.  </span>

<span>Енді аталған бәсеке 2021 жылдың 8-16 мамыры аралығында ұйымдастырылады.  </span>

<span>Айта кетелік, серфинг Токио Олимпиадасының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп тұр. Ал бүкіләлемдік серфи ойындарында жеті жолдама сарапқа салынады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или