Каратеден Мәскеудегі Премьер-лига кезеңі кейінге шегерілді

Каратеден Мәскеудегі Премьер-лига кезеңі кейінге шегерілді

Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) Мәскеудегі Премьер-лига кезеңінің кейінге шегерілгенін ресми түрде мәлімдеді.

Халықаралық турнир биылғы жылдың 2-4 қазаны аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, ұйымдастырушылар турнирді жыл соңына қалдыруды жөн көріп отыр. Жарыстың нақты өтетін мерзімі кешірек белгіленеді.

«Спортшылар мен жарысты ұйымдастырушылардың денсаулығы біз үшін аса маңызды. Каратешілердің басын қосу үшін біз әлемдегі жағдайды бақылауда ұстаймыз», - делінген мәлімдемеде.

Осыған дейін әлем чемпионаты да кейінге шегерілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или