Олимпиада көрерменсіз өтпейді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТокио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори төртжылдықтың басты додасы көрерменсіз өтуі мүмкін емес екенін айтты.
– Көрермен санын қысқарту мүмкін емес. Егер қысқартуға тура келсе себебін анықтау қажет. Қазіргі уақытта Олимпиаданы жанкүйерлерсіз өткізуді қарастырып жатқан жоқпыз, – деді ол.
Айта кетейік, Олимпиада ойындары 2021 жылдың шілде-тамыз айларында өтеді.