Триатлоннан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі белгіленді

Триатлоннан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі белгіленді

<span>Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастру комитеті 2021 жылғы доданың жарыс кестесін бекіткен болатын. Осы орайда, Олимпиададағы триатлон бәсекесінің кестесін назарларыңызға ұсынамыз.  </span>

<span>Триатлоншылар додасы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан кейін үш күннен соң басталады. 2021 жылдың 26 шілдесі күні Токио уақытымен таңғы сағат 06.30-да ерлер арасындағы бәсеке бастау алады.  </span>

<span>Әйелдер 27 шілде күні жарыс жолына шығады. Ал тұңғыш рет өткізілетін аралас эстафета 31 шілдеге жоспарланған.  </span>

<span>Айта кетелік, Токио Олимпиадасының жарыс кестесі кейбір ұйымдастыру ісіне байланысты аздаған өзгеріске ұшырады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или