Халықаралық Олимпиада комитетінің вице-президенттері тағайындалды
Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 136-сессиясында ұйымның жаңа вице-президенттері тағайындалды деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>Олимпиадалық қозғалыстағы маңызды лауазымдардың бірін Австралия Олимпиада комитетінің президенті Джон Коутс иеленді. Ол координациялық комиссиясының да басшысы саналады. Сондай-ақ, Сингапур өкілі Сер Мианг Нг да вице-президенттік қызметке келді. Олар Угур Эрденер мен Хуан-Антонио Самаранчты алмастырған. ХОК кеңесіне Микаэла Кожуанко Яворски (Филиппин) мен Херардо Вертхайн (Аргентина) да сайланғанын айта кеткен жөн. </span>
<span>Аталған жиын видеоформатта өткізілді. </span><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или