ХОК Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті
<span>Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті. </span>
<span>Жарыс кестесі 2020 жылғы нұсқа негізінде бекітілді. Сондай-ақ, ХОК спортшылар жататын орын мен басты баспасөз орталығы және бродкастерлік орталықтың орналасу тәртібін белгіледі. </span>
<span>Айта кетелік, Токио Олимпиадасы жоспар бойынша 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Наурыз айының аяғында ХОК пен Токио ойындарын ұйымдастыру комитеті індетке байланысты Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырған болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или