Жансая Әбдімәлік Women's Speed Chess Grand Prix 4-кезеңінің ширек финалына шықты
Қазақстандық шахматшылар Жансая Әбдімәлік пен Бибисара Асаубаева жедел шахматтан әйелдер арасындағы Women's Speed Chess Grand Prix халықаралық шахмат турнирінің төртінші кезеңінің бірінші тур ойындарын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік 1/8 финалда перулік Дейзи Кореймен ойнап, 8:4 есебімен жеңіске жетті. Енді ширек финалда Жансая FIDE рейтингісінде бірінші орында тұрған қытайлық Хоу Ифанмен ойнайды.
Бибісара Асаубаева бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік Александра Костенюкке лайықты қарсылық көрсетті, бірақ 5:7 есебімен жеңіліп, ойынды аяқтады аяқтады.
Фото chessnews.info
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или