2022 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы төрт жылға кейінге қалды

2022 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы төрт жылға кейінге қалды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Сенегалдың Дакарында 2022 жылы өтуге тиіс болған жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылға ауысқанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Шешім ХОК басшысы Томас Бах пен Сенегал президенті Маки Саллемдің екі күн бұрын болған әңгімесінен кейін қабылданғаны атап өтілді. Спорттық ойындардың ауысуы коронавирус пандемиясына байланысты болып отыр.

ХОК сессиясы 17 шілдеде өтеді, жиын барысында Олимпиада мерзімінің ауысқаны мақұлданады.

Айта кетелік, Сенегал 2022 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или