Бокс

Шарипова жекпе-жек өткізу үшін Қазан қаласына барды

Шарипова жекпе-жек өткізу үшін Қазан қаласына барды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) жекпе-жек өткізу үшін Қазан қаласына барды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Достар! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Мәдениет және спорт министрі Ақтота Раимқұлова мен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге жолданған ашық хаттың арқасында Қазан қаласына келіп, жаттығуға және жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алдым. Қазір Ресейде тұрмын!

Келесі жекпе-жегімнің өтетін күнін білемін. Бірақ келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ: әзірге тек ауызша келісім бар. Кездесудің қашан болатынын жақын арада хабарлаймын. Мүмкін осы айда, шілдеде өткізетін шығармыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты жақын арада жариялаймын!», - деп жазды Фируза.

Айта кетейік, жақында Фируза коронавирусқа байланысты Қазан қаласындағы оқу-жаттығу жиынына уақытында бара алмайтынын айтқан. Ал оған дейін Шарипова ресейлік София Очигавамен 19 шілдеде кездесетіні хабарланған.

Аталған жекпе-жек үш рет кейінге қалдырылды. Әу баста кездесу 19 маусымда өтеді деген ақпарат шықты. Кейін кездесу 19 маусымнан 4 шілдеге шегерілді. Араға аз уақыт салып, бокс кеші Бокс күні мерекесіне орай 4 шілдеден 19 шілдеге ауыстырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер