Григорий Ким: Әлемдік федерация 15 шілдеден соң жарыс кестесін қайта қарайды
<span>Садақ атудан Қазақстан командасының бас бапкері Григорий Ким спортшылардың қазіргі жағдайы мен алдағы жарыс кестесіне тоқталды. </span>
<span>- 5 шілдеге дейін, яғни, қайтадан карантин жарияланғанша садақ атудан Қазақстан командасы Шымкент қаласында жаттыққан болатын. </span>
<span>Елімізге карантин енгізілген соң, әр аймақ спортшылары онлайн жаттығу жиынына кірісті. Ал садақ атудан Қазақстан ерлер командасы Талдықорған қаласындағы интернат жанында дайындалды. </span>
<span>Әзірге, халықаралық жарыстар туралы ақпарат жоқ. Халықаралық садақ ату федерациясы 15 шілдеден соң жарыс кестесін жаңартатынын мәлімдеді. Әлемдік ұйымның шешімін күтеміз, - дейді бас бапкер. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или