Шетелдік БАҚ: Қазақстандық гимнасшы Алина Әділханова – аса талантты спортшы
–Индонезиялық Okezone.com сайты 18 жасар қазақстандық гимнасшы қыз Алина Әділханованың спорттағы тамаша жетістігіне таңданыс білдірді.
<span>«Қазақстанда аса қабілетті және талантты спортшылар аз емес. Солардың бірі – Алина Әділханова. Оның сымбатты денесі әлемдік спорт жанкүйерлерінің назарын аударды. Әдемілігімен қатар ол көркем гимнастикада керемет жетістіктерді бағындырды. Өзінің балауса шағында спортшы қыз өте жоғары биіктерге қол жеткізді», делінген хабарламада.</span>
<span>Айта кетер болсақ, Әділханова Азияның төрт дүркін чемпионы (2017, 2018), командалық көпсайыста Азиада чемпионы (2018). Сондай-ақ халықаралық спорт шебері атағына ие.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или