«Қайрат» Шпилевскийдің коронавирус жұқтырғанын жоққа шығарды

«Қайрат» футбол клубы бас бапкер Алексей Шпилевскийге қатысты әлеуметтік желілерде шыққан ақпаратқа жауап берді.
<span>Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевскийдің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тараған.</span>
<span>«Бұл жазбаларды есепке ала отырып, «Қайрат» футбол клубы ақпараттың шындыққа сай еместігін жариялайды. Алексей Шпилевский шын мәнінде 1 шілдеде Алматыда өтетін «Қайрат»-«Жетісу» кездесуіне қатыспайды. Бірақ оған себеп – матчтан ресми түрде шеттетілгені. «Қайрат» ФК тек ресми дереккөзге сенуге шақырады» делінген «Қайраттың» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.</span>
<h3><span>«Қайраттың» бапкері бес ойыннан шеттетілді</span></h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или