«Қайраттың» бапкері бес ойыннан шеттетілді

«Қайраттың» бапкері бес ойыннан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Алексей Шпилевский спортқа жат әрекет жасағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында ел чемпионатының алғашқы екі турындағы бірқатар матчтар талқыланды.

Қазақстан Чемпионатының 2-туры аясында өткен «Шахтер» (Қарағанды) - «Қайрат» (Алматы) ойынында «Қайраттың» бас бапкері Шпилевский бас төрешіге былапыт сөз айтқан. Сондықтан ол 5 матчқа дисквалификацияланды.

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік ережелерінің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданған шешімде бас бапкер бес ойынның төртеуін шартты түрде алып отыр. Яғни, «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Шпилевский А.Н. бір ойыннан шеттетіледі.

Сонымен қатар, бас бапкерге үш ай сынақ мерзімі тағайындалды. Ол ережені қайта бұзатын болса, онда шартты санкция алынып тасталып, нақты дисквалификация қолданылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер