Динара Садуақасова тегін онлайн шахмат мектебін ашты

Динара Садуақасова тегін онлайн шахмат мектебін ашты

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Динара Садуақасова шахмат үйренгісі келгендер үшін онлайн мектеп ашты.

<span>«Динара Садуақасованың онлайн шахмат академиясы» алаңында чемпионның өзінен бейнесабақтар, тапсырмалар, тестілер табуға болады. Коронавирус пандемиясына байланысты туындаған жағдайға орай курс тегін. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіруге болады.</span>

<span>«Бәріне арналған шахмат» – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жоба. Біздің мақсатымыз – шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыру және еліміздің шалғай өңірлерінде шахматты үйренгісі келетін кез келген адамның барлығына мүмкіндік беру. Әлем жылдам дамып жатыр, қазір зияткерлік қасиеттер мен ойлау жылдамдығы маңызды. Шахмат – бұл дағдыларды дамытатын тамаша құрал. Алаңда менің қатысуыммен видео-сабақтар, 5000-ға жуық тапсырмалар бар, - деді Динара Садуақасова.</span>

<span>Курстарға тұрғылықты жеріне қарамастан балалар да, ересектер де қатыса алады. Курс шахмат ойыншысының дайындық деңгейіне байланысты қалыптастырылған. Әр курс танымдық видео-сабақтар мен бекітуге арналған (жеңіл деңгейден күрделіге дейін) 200 тапсырманы қамтитын 20-25 блоктан тұрады. Курсты сәтті аяқтаған соң электронды сертификат беріледі.</span>

<span>«Біз командамызбен барлық деңгейлерге арнап 10-нан астам сағат шахмат сабақтарын жаздық. Алаңда сондай-ақ танымал шахмат ойыншыларының дәрістері мен семинарлары жарияланатын болады. Барлық адамдардың шахматқа деген қызығушылығы артып, үйрену мүмкіндігі болғанын қалаймыз», – деді Шахмат академиясының директоры Айнұр Өтешева.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или