ВИДЕО. «Астана» президенттік клубының спортшылары медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
«Астана» президенттік клубының спортшылары Қазақстанның медицина қызметкерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
«Үш айдан астам уақыт матчтар, жарыстар болмағандықтан, көптеген спортшылар мәжбүрлі демалыста.
Бірақ осы уақыт аралығында дәрігерлер, медбикелер, жедел жәрдем машиналары мен тәртіп сақшылары бәріміздің жоспарларымызға кедергі келтірген апатпен күресіп келді. Күн сайын олар өздері үшін қауіпті болса да, талай өмірді сақтайды.
Өзіміздің терең ризашылығымызды білдіру - біз үшін қазір жасай алатын ең аз нәрсе. Астана ПКСК спортшылары жазған бұл бейне - барлық медицина қызметкерлеріне ортақ «рақмет», олардың жұмысына ризашылық белгісі. Біз сіздерді мақтан тұтамыз және мақтан етеміз», - делінген хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или