«Шешімі бар» бағдарламасы арқылы 4-ші отбасы баспаналы болды
«Алматы» телеарнасының «Шешімі бар» бағдарламасы арқылы төртінші отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Санжар Бегімбетов – 10 сынып оқушысы. Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданында анасымен бірге аядай ғана бөлмесі тар пәтерді жалдап тұрады. Осыдан 4 жыл бұрын жанарынан айырылған анасы жұмыссыз үйде отыр. Анасының денсаулығына байланысты күн көрістері нашарлап кеткен соң, Санжардың ерте жастан еңбекке араласуына тура келген.«12 жасымнан бастап жұмыс істей бастадым.
Бастапқыда базарға шығып нан сатып жүрдім. Бар тапқан ақшамды анама әкеліп беремін. Өйткені, пәтерақы, коммуналдық төлемдер, күнделікті азық-түлік сияқты шығындардың бәрін төлеу үшін ақша керек болды», - дейді Санжар.
Санжар анасының көзі қалпына келсе деп армандайды. Емдетуге қаражаты жетпейді. Дәрілері де қымбат. Қазір ол үйінің жанындағы көлік жуу бекетінде жұмыс істейді. Күнделікті сабағы аяқталған соң осында келіп, 2-3 мың теңге табуға тырысады. Бар тапқанын жинап, анасы екеуі қажетті шығындарына жеткізуге тырысады.
Жалғызбасты ана Қамаш Бекімбетова 5 жыл бұрын қос жанарынан айрылған. Жолдасы тастап кеткен. Жалдамалы қос бөлмелі лашыққа 15 мың теңге, газ бен жарық үшін 4 мың теңге төлейді. Бұрын тігіншілікпен айналысқан ананың қазір өздігінен қозғалуы қиын. Сондықтан отбасының барлық шығындары 10 сынып оқитын ұлының мойнында...
«Шешімі бар» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері болған Санжар мектеп бітірген соң, оқуға тегін түсе алатын болды. Сондай-ақ, анасының көз жанарын толық тексеруден өткізіп, мүгедектікке шығаруға мүмкіндік алды. Құжаттарын қалпына келтіруге нақты әрекеттер жасалды. Ең бастысы, бағдарламада «Харекет» қайрымдылық қоры мұңлық жандардың арманын орындап, баспана кілтін табыс етті!
Бұл – «Шешімі бар» бағдарламасында мұқтаж жандарға табысталған төртінші баспана.
Бүгін сағат 18.10-да «Алматы» телеарнасының эфирінен көрсетілетін «Шешімі бар» бағдарламасының кезекті шығарылымын жіберіп алмаңыздар!