Елімізде спорт іс-шараларының өтуіне рұқсат етілді

Елімізде спорт іс-шараларының өтуіне рұқсат етілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде жиналыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz  сайты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылданды. 

2020 жылғы 1 маусымнан бастап елімізде спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды. 

Бұған дейін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига 15 маусым күні қайта жалғасатыны туралы хабарлаған болатын. Ал өзге спорт іс-шараларының қашан өтетіні жайлы ақпарат жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или