Нұрсұлтан Мамаев: Бапкерлік қызметтегі алғашқы жарыстан соң бірінші нөмір боламын деп ойладым

Нұрсұлтан Мамаев: Бапкерлік қызметтегі алғашқы жарыстан соң бірінші нөмір боламын деп ойладым

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрсұлтан Мамаев карантин уақытындағы спортшылардың дайындығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, мансабын жақында аяқтаған таеквондошы бапкерлік қызметтегі алғашқы жетістіктерімен бөлісті.

«Карантин кезінде біраз шаруа бітірдік деп айта аламын. Алдымен, өзіміздің ішкі қателіктерімізді жөндедік. Жаңа жоспар құрып, сол ойымызды іске асыру үшін еңбектеніп жатырмыз. Елімізде індетке байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, біз онлайн жаттығуға кіріскенбіз. Таеквондодан жастар құрамасы күніне бір рет Zoom бағдарламасы арқылы онлайн жаттығу өткізеді. Әрі қарай өз аймақтарындағы бапкерлерінің назарында болады. Ал Шымкент қаласының спортшыларына алғашқы он күнде демалыс бердік. Сәуір айында таеквондодан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтуі тиіс еді. Сол сында 2020 жылғы құрамды жасақтаймыз деген жоспарымыз болған.

Алайда, індетке байланысты жарыс кейінге қалды. Бүгінде 2019 жылғы құраммен жұмыс істеп жатырмыз. Күзде Богарияның София қаласында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл бәсеке кейінге қалмай, уақытында өтеді деген хабар бар. Сондықтан, карантин шаралары аяқталған соң қарқынды жаттығуды бастаймыз.

Өздеріңіз білесіздер, биылғы маусымнан бастап жаттықтырушылық қызметке кірістім. Кешегі спортшы білікті маманға айналу үшін біраз уақыт керек. Бұл міндетті мойныман алғалы бері Арман Шылманов кеңесін аяған емес. Англияда өткен бірлескен жаттығу жиынына апарып, көптеген профессорлардан білім алуыма мүмкіндік жасады. Сол жиында өзімнің бұрынғы қарсыластарымның да бапкерлік қызметке әлдеқашан кіріскенін байқадым. Бір ай бойы үлкен тәжірибе жинағаным рас.

Бапкер ретіндегі бастамам жаман болған жоқ. Бір айдан соң Кореяда өткен турнирлер бір алтын, екі күміспен оралдым. Шыны керек, осы кезде өзімді нөмірі бірінші бапкер ретінде сезіндім. Бәрі осылай жеңіспен оралатындай көрінді. Бірақ кейін нәтижелеріміз төмендеп кетті. Мәскеудегі турнирден сағымыз сынып оралдық. Осыдан соң, мен өзіме әлі көп еңбектену керектігін түсіндім. Бапкерлік қызметтің жауапкершілігі ауыр. Саған қарап бүкіл спортшы бой түзейді. Сондықтан, білімімді жетілдіруді ешқашан тоқтатпаймын.

Қазір таеквондодан әлемдік жарыстардың барлығы індеткен байланысты тоқтап тұр. Токио Олимпиадасы 2021 жылға ауыстырылды. Әзірге ұлттық құрамада жолдама жоқ. Бірақ аймақтық іріктеу турнирінде біздің спортшылар лицензия ұтып алатынына сенімім зор», - дейді Нұрсұлтан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или