ММА

Хабибтің менеджері Жұмағұлов - Уланбеков қарымта жекпе-жегін өткізуді ұсынды

Хабибтің менеджері Жұмағұлов - Уланбеков қарымта жекпе-жегін өткізуді ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Әли Әбдел-Әзиз ресейлік Тагир Уланбеков пен қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың арасындағы қарымта жекпе-жекті асыға күтетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Менеджер Instagram-парақшасында Тагир Уланбеков (10-1) пен Fight Nights Global бұрынғы чемпионы Жалғас Жұмағұлов (13-3) арасында қарымта жекпе-жек өткізуді ұсынды. Күні кеше Тагир Уланбеков UFC ұйымымен келісімшартқа отырған болатын. Ол бұған дейін GFC және Fight Nights Global ресейлік ұйымдарда өнер көрсеткен. Оның еншісінде 10 жеңіс, бір жеңіліс бар.

2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Fight Nights Global 88 турнирінде Тагир Уланбеков қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа қарсы чемпиондық белбеуді сарапқа салып, жеңіліс тапқан болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер