Таеквондодан ұлттық құраманың жаттығу жиыны кейінге қалдырылды
<span>Таеквондодан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. </span>
<span>Елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай режимі тоқтатылған соң бірнеше спорт түрінен оқу-жаттығу жиындары жоспарланды. Атап айтқанда, таеквондодан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов 25 мамыр оқу-жаттығу жиындарын бастайтынын айтқан болатын. </span>
<span>Спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында "Ақбұлақ" кешеніндегі жиын кейінге қалдырылды. Осыған дейін аға жаттықтырушы жаттығу жиыны басталған жағдайда тек бірінші нөмерлі спортшылардың қатысатынын айтқан болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или