Садақ атудан Олимпиадаға іріктеу турнирлері 2021 жылы өтетін болды
Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына дейін өткізілуі тиіс төрт іріктеу турнирін 2021 жылға қалдырды. Сондай-ақ, әлемдік федерация биыл ешқандай квота таратылмайтыын мәлімдеді.
Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің кестесі 2018 жылдың наурызында бекітілген болатын. Алайда, COVID-19 індетінің таралуына байланысты жоспарға өзгертулер енгізілді.
Осыған дейін Токио ойындарына жолдама алған мемлекеттердің квотасы сақталады. Ал Олимпиадаға қатысатын спортшыларды әр команда өзі таңдайды.
Алдағы уақытта садақ атудан 93 Олимпиада және 140 Паралимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынады.
2021 жылға арналған жарыс кестесі мемлекеттер арасындағы шектеулер алынған соң реттеледі.